«Тұрмыс құрған 26 жылда 13 бала тудым»: Қазнет Шынар есімді келіншектің ерлігіне таңдай қақты (ВИДЕО)
Оның келіні де көп балалы ана

Қазақстандағы интернет пабликтердің бірінде өзі жап-жас болса да 13 бала сүйген Шынар есімді келіншектің ерлігі таңдай қақтырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тойлардың бірінде мейрам иелеріне тілек айту үшін ортаға шыққан келіншекті тамада сөзге тарта бастайды. 26 жыл бұрын тұрмысқа шыққан келіншек қазір 13 бала тәрбиелеп отыр.
«Тұрмыс құрғаныма 26 жыл болды. Қазір 13 баламыз бар. Тойға өзім келдім. Жолдасым ауылда, балалардың қасында. Алты қыз, жеті ұлым бар», - деді ол тамаданың сұрағына жауап бере отырып.
Бұған таң қалған тамада өз құлағына өзі сенбей Шынарға бірнеше рет сұрақ қойған. Арасында «сегізінші балаңыздың аты?» кім деп әйелді шатастырмақ та болады.
«Сегізінші баламның есімі – Аружан», дейді келіншек. Кейін анықталғандай, Шынардың келіні де жетінші баласына аяғы ауыр көп балалы ана болып шықты.
«Келіні де, енесі де жап-жас», «не деген ерлік», «нағыз бақытты ана», - дейді ізгі пікірлерін қалдырған оқырман.