$ 518.34  591.06  6.27
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.04.2025, 13:15
Қоғам

Жасанды интеллектпен өңделген туындының иесі авторлық құқыққа үміттене ала ма

Әділет министрлігі бұл мәселені зерттеп жатыр

Жасанды интеллектпен өңделген туындының иесі авторлық құқыққа үміттене ала ма
Фото: istockphoto.com

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев нейрожелі генерациялау барысында пайдаланған материалдардың иелері авторлық құқықты талап ете ала ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазір көп адам жеке өмірінде де, жұмысында да нейрожеліні пайдаланады. Бірақ нейрожелі фотобейнелер мен өз жауаптарын интернет кеңістігінде бар үлгілерді талдау арқылы генерациялайды. Осындай жағдайда нейрожелі пайдаланған суреттің немесе материалдың иесі авторлық құқыққа үміттене ала ма?», - деп сұрады БАҚ өкілі Мәжіліс кулуарында.

Әділет министрлігі бұл мәселені зерделеп жатыр екен.

«Өте қызықты сұрақ. Шынымен де уақыт талабына сай келеді.Өткен аптада ғана дәл осындай сұрақты маған жазбаша түрде Мәжіліс депутаттары жолдаған еді. Қазір біз осы мәселені зерттеп жатырмыз. Азаматтық кодекстің 145-бабы бар, өз бейнесіне құқық деген бап бар. Сондықтан іс жүзінде нейрожеліде бар дүниені, ал өзіміздің заңнамада жоқ нәрсені жоққа шығару мүмкін емес шығар. Сондықтан біз зерттеп, қарастырып жатырмыз. Сізге кейінірек жауабын беруге дайынбыз», - деді Сәрсембаев.

Оның айтуынша, соттар осы норманы түсіндіріп беру талабымен Әділет министрлігіне жүгінбеген.

Серіктес жаңалықтары