Телеграмм канал қазақстандықтардың банктердегі шоттарына шолу жасаған
«TengeOnline» телеграм арнасы қазақстандықтар ақшасын қай банкте, қандай валютада сақтайды деген сұрақтың жауабын іздеген.
Дереккөзіне сүйенсек, 1 мамырда Қазақстандағы жеке тұлғалардың банктердегі депозит 9,8 трлн теңгеге жетіп, жыл басынан бері 548 млрд теңгеге өскен.
«Депозиттердің 74% елдегі ең ірі 5 банкке, атап айтсақ, Halyk bank (35%), Kaspi Bank (16%), ТҚЖБ (9%), «Сбербанк» ЕБ АҚ (8%), Банк ЦентрКредит (6%) банктеріне салынған», - деп жазады телеграм арнасы.
Сарапшылар сондай-ақ, депозиттердің 56% теңгеде, 44% шетелдік валютада сақталатынын анықтаған.