«Әбден ұят нәрсе»: Тоқаев Маңғыстауда болып жатқан масқараға қатысты пікір білдірді

Автор: Бақыт Шынар

Президенттің айтуынша, аймақта балалардың улану фактілері жиілеп кеткен

Фото: Ақорда

Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізіп жатқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл аймақтағы басты проблемалардың біріне тоқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Білім беру мекемелерінде болып жатқан келеңсіз оқиғаларды айтпай кетуге болмайды. Балалардың тамақтан жаппай улану деректері азаймай тұр. Бұл – әбден ұят нәрсе. Былтыр 400-ден астам бала, биыл 42 бала зардап шеккен. Бұл оқиғалар мектептерде азық-түлік қауіпсіздігі сақталмай жатқанын көрсетеді. Үкіметке жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқушылардың қауіпсіздігін қатаң бақылауға алуды тапсырамын», - деп хабарлайды Ақорда.

Естеріңізге сала кетейік, оқу жылының басында Маңғыстауда 400-ден астам бала мектеп асханасында жаппай уланған еді.