Қазақстанда алғаш рет омырау сүтін сақтайтын банк ашылды

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлап отыр

Фото: freepik.com

Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында Қазақстандағы тұңғыш омырау сүтінің банкі ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұл банкке жиналатын сүт шала туған балалар мен анасы емізе алмайтын балаларға арналған.

«Омырау сүтінің жеке банкі  - неонаталдық қызметті жетілдірудегі өте маңызды қадам. Сүт қауіпсіз жағдайда сауылады да арнайы ыдыста сақталады. Кейін дәрігерлер оны қатырып, керек болғанда сүтке мұқтаж балаларға береді», - деп хабарлайды министрлік.

Болашақта министрлік елдегі әрбір үшінші деңгейдегі перинаталдық орталықтарда осындай банктер ашуды жоспарлап отыр.