$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.04.2025, 13:36
Қоғам

«Әйелім шаршап, ерте ұйықтап қалыпты»: Павлодарда сегіз балалы отбасы бір ұлын қалай жоғалтып алғанын ашық айтты (ВИДЕО)

Полиция бес жасар ұлдың ата-анасын бақылауға алған

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Павлодардың полициясы қайда тұратынын білмейтін бес жасар бүлдіршінді тауып алып, оның суретін әлеуметтік желіге жариялаған еді. Міне, осы баланың әкесі Расул Абдурауф әйелі шаршап ұйықтап қалғанда, баласы далаға шығып кеткенін айтып берді, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Бес жасар Әлидің әкесі полиция қызметкерлеріне алғыс білдіре келе, баласының қалай және қашан жоғалып кеткенін айтты. Ата-ананың арызын полиция бүгін, 7 сәуірде қабылдаған.

«Біздің сегіз баламыз бар. Олар улап-шулап, ойнап жүреді. Мен түнде жұмыста болғамын, таңертең үйге келіп, ұйықтап кетіппін. Таңғы сағат 9-10 шамасында қарасақ, бір баламыз жоқ. Бірден іздей бастадым. Сосын полицияға телефон соқтық. Әйелім кеше көп жұмыс істеп, шаршаған, үй тазалаған. Кішілерін үлкендеріне тапсырып, ерте жатып қалған екен», - дейді ол.

Бұл отбасы Павлодар қаласына небары бес күн бұрын көшіп келген екен. Полиция қызметкерлері көпбалалы отбасының үйіне барып, тұратын жерлерін тексерген.

«Кәмелет жасына толмаған балаларды бағуда міндетін дұрыс атқармаған ата-ана жауапқа тартылды. Ата-ананың бұл әрекеті енді Павлодар әкімдігінің жанындағы Кәмелет жасына толмағандардың ісі жөніндегі комиссияда қаралады», - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары