07.04.2025, 13:22
Қоғам
Шымкентте салмағы 7 келі бала дүниеге келді
Батыр бала отбасының алтыншы сәбиі
Фото: Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
Шымкент қаласының тұрғыны салмағы 6 700 грамм батыр бала туды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл Шымкент қаласындағы ғана емес, Қазақстандағы сирек кездесетін дүние. Яғни, көбіне балалар 2-5 келі арасында туады. Отбасындағы алтыншы баланың денсаулығы жақсы.
«Қазір бала мен анасының жағдайы жақсы. Ең ғажабы, салмағы өте үлкен сәбиін анасы операциясыз, кесір тілігін жасатпай, өзі босанды», - деп хабарлайды Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасы.
Айта кетейік, толағай баланың алдында төрт ағасы мен бір әпкесі бар.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды