$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үйінің қайда екенін білмейді: Павлодарда бес жасар бала адасып кеткен жерінен табылды

Қазір оның үйін, ата-анасын іздеу жұмысы жүріп жатыр

Үйінің қайда екенін білмейді: Павлодарда бес жасар бала адасып кеткен жерінен табылды
Фото: Павлодар облысы ПД

Павлодардағы үйлердің бірінің жанынан 6 сәуір күні кешкі уақытта кішкентай бала табылды. Ол өзінің тұрғылықты мекенжайын немесе ата-анасының аты-жөнін білмейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бала 6 сәуір күні кешкі сағат 18:00 шамасында Академик Марғұлан көшесіндегі 104-үйдің жанынан табылған.

Бала бес жас шамасында, есімін Әли немесе Әлишка деп айтады. Ол өзінің қайда тұратынын және ата-анасының мәліметтерін білмейді.

Сәбидің дене салмағы орташа, бойы – 108 см, салмағы – 18 кг. Табылған кезде оның басында көгілдір бас киім, үстінде көк және сары түсті суреттері бар қара күрте, колготки және өрнекті жейде болған. Оған сөйлеудің кешігуі диагнозы қойылды.

«Баланың жағдайы ойдағыдай. Ұқыпты киінген. Полицейлер баламен бірге жақын маңдағы аулалар мен үйлерді аралап шықты, бірақ ата-анасы мен тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмады. Бағдар жасалып, жақын маңдағы облыстарға жөнелтілді. Қазіргі уақытта бала «Облыстық балаларды қолдау орталығы» ММ-ге орналастырылды», - деп хабарлайды Павлодар облыстық полиция департаменті.

Бала туралы қандай да бір мәлімет білген адамға 102 нөміріне хабарлау ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары