Алматы облысында түрмедегі әйелдердің балалары уланып, ауруханаға түскен

Автор: Бақыт Шынар

Олардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр

Фото: freepik.com

 Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Алматы облысындағы әйелдер колониясында балалардың уланып, ауруханаға түскенін растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, оқиға бүгін болған және қазір осы іспен вице-министр шұғылданып жатыр.

«Иә, бүгін осындай жағдай болғаны рас. 3 бала жансақтау бөлімінде. Олардың аналарын жанына кіргізбеген. Біз мәселеден хабардармыз, вице-министр тиісті жұмыс жүргізіп, мәселені шешкелі жатыр. Егер бүгін әйелдерді балаларының жанына жіберуге дайын болса, біз кіргізе аламыз», - деді ол.