$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Өз басым Түркияға бармай тұра тұрар едім»: СІМ өкілі туристерге кеңес берді

Бірақ бұл министрліктің ресми ұстанымы емес деді ол 

«Өз басым Түркияға бармай тұра тұрар едім»: СІМ өкілі туристерге кеңес берді
Фото: Azattyq Ruhy

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Түркиядағы наразылықтар кезінде зардап шеккен ел азаматтары жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сыртқы істер министрлігінің белсенді әрекеті мен Анкара, Измирдегі елшіліктің жұмысының нәтижесінде зардап шеккендер болмады. Біз туристер мен студенттерді наразылық болып жатқан жерлерден аулақ жүруге шақырып, ақпарат бердік. Қазір Түркияда қанша ел азаматы бар екенін нақты айту күрделі. Себебі олар үш санатқа бөлінеді. Оның ішінде студенттер мен туристер, консулдық есепте тұрғандар да бар. Олардың саны бірнеше мыңнан асады», - деді ол.

Рахметуллин қауіпсіздік шараларын ұмытпаған жөн дейді. 

«Қазір бармаңыздар деп айта алмаймыз. Бірақ министрлік атынан емес, жеке өз атымнан айтатын болсам, қазір ол жаққа бармай тұра тұрар едім. Қазір қазақстандық туристерге Ыстамбұлға баруға кеңес бермеймін. Ал сол жақтағы отандастырымыз елден кетеміз деп көмек сұраған жоқ», - деді ол.

Еске салсақ, Ыстамбұл қаласының мэрі, оппозициялық саясаткер Экрем Имамоглудың қамалуына наразы болғандар Түркияда қарсылық акцияларын ұйымдастырып жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары