Премьер-министр полигондарды реттеу жұмысы баяу жүріп жатыр дейді
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов экология министрлігінің жұмысын сынап тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Отырыста экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев үкімет басшысының тапсырмасы бойынша полигондарға утиль төлем есебінен қаржыландыру қарастырылып жатқанын айтты.
Премьер-министр Олжас Бектенов болса, бұл бағытта жұмыс баяу жүріп жатқанын және министрлік ауыз толтырып айтатындай нәтижеге қол жеткізе алмай отырғанын айтты.
«Жалпы осы бағытта жұмыс баяу жүріп жатыр. Ауыз толтырып айтатындай нәтиже жоқ. Министрлік әкімдіктердің жұмысын дұрыс үйлестіруі керек. Министрліктің осы бағытта белсенді ұстанымы керек. Біз мұндай жұмыстарды әлі күнге дейін көріп тұрған жоқпыз», - деп сынады Бектенов.