Наурызнама онкүндігі: бүгін – Қазақстанда Ынтымақ күні тойланады
«Ынтымақ» – бірлік, ниеттестік пен әлеуметтік жауапкершілік күні

Наурызнама онкүндігінің аясында бүгін Ынтымақ күні мерекеленеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан – адамдар бір-біріне қол ұшын беретін, қиын жағдайда қалғандарға қолдау көрсетіп, ортақ болашақ үшін жұмыла әрекет ететін ел.
Бұл күні әрбір қазақстандық елдің бірлік-берекесін нығайтуда өзінің үлес қоса алатынын, игіліктің үлкен-кішісі болмайтынын, жақыныңа жақсылық жасау – шынайы құндылық екенін сезінуі керек.
Бұл күн ата-баба өнегесін, бірлік пен ынтымақтың маңыздылығын еске салады. Ынтымақ – әр түрлі этникалық және әлеуметтік топтардың бірігуі, қоғамда ортақ құндылықтар мен азаматтық бірегейліктің қалыптасуы.
Қазақстандықтардың күші бірлікте екенін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі айтып жүр. Ынтымақ күні «Әділетті Қазақстан» қағидасына сай құрылған инклюзивті қоғам туралы дұрыс түсінік қалыптастыру мен халықтың әртүрлі топтарын біріктірудің маңыздылығын айшықтайды. Бұл күн бізді түп тамырымызға қайтарып қана қоймай, ел азаматтары мен сырттағы ағайынмен арадағы көпір бола алады.
Бұл күн бірлік рухын насихаттайды, ортақ құндылықтарды айшықтайды және азаматтық бірегейлікті қалыптастырады. Бұл – әділ және берекелі қоғам құру жолында бейбітшілік, келісім мен толеранттылықты ұстанып, өзара құрмет, жолдастық пен бір-біріне көмектесуді ортақ ережеге айналдырудың маңызын көрсететін күн.