Наурыз мерекесінде Қазақстанда күн суытып, қар жауады

Автор: Бақыт Шынар

Дәлірек айтқанда, солтүстік өңірлерде күн райы бұзылып, қар жауады

Фото: istockphoto.com

Ертең, 21 наурыздан бастап Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде күн қайта суытып, қар жауады, қатты жел соғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазгидрометтің болжамынша, 21 наурыз күні солтүстікте қар аралас жаңбыр жауып, жел күшейеді. Ал, 22 наурыз ауа температурасы күрт төмендеп, көктайғақ болады.  

21 наурыз күні ауа температурасы әлі де жылы болғанымен, 22 наурызда суық антициклон келіп, аяз түседі.

Ал, еліміздің оңтүстік өңірлерінде күн жылы, бірақ, жауын-шашынды болады.