Ол 11 жасында қолына қалам алып шығармалар жаза бастаған
Танымал этнограф Болат Бопай 65 жасында өмірден өтті. Қаралы хабарды журналист Біләл Қуаныш айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақ Болат Бопайынан айырылды… Қайран ағам-ай!», - деп жазды ол.
Болат Бопайұлы 1960 жылы ҚХР Шынжаң өлкесі, Алтай аймағы, Көктоғай ауданы, Қуертіс қаласында дүниеге келген.
1967-1977 жылдары Көктоғай ауданында қазақ тілінде бастауыш және орта мектептерде оқыды.
1978 -1981 жылдары Шынжаң «Дене тəрбие саңлағы» Журналында жауапты редактор болып қызмет атқарды.
1982-1986 жылдары Күйтін қаласындағы Іле педагогикалық Институтының Қазақ тілі мен Əдебиеті Факультетінде оқып, білім толықтырды.
1986-1992 жылдары Үрімжі қалалық 36-орта мектепте Қазақ тілі мен Əдеиетінен сабақ беріп, Оқытушылық міндет атқарды. Əдебиет бөлімінің меңгерушілік міндетін қоса өтеді.
1993-1994 жылдары Шынжаң жастар-өрендер баспасында қазақ редакциясының бөлім меңгерушісі «Ғылым бұлағы» журналының жауапты редакторы болды.
1995-1998 жылдары ҚР Алматы қаласындағы КАЗМУ дың Қазақ əдебиеті мен теворясы факултетінде Аспирант болып оқыды.
1999-2004 жылдыры Қазақ радиосы шалқар бағдарламасында редақторлық міндет өтеді.
2005-2012 жылға дейін жеке шығармашылықпен шүғылданды.
2013-2018 жылдары Қазақстан телеарнасының «Айтуға Оңай» токшоуының бас кеңесшілік міндетін атқара жүріп, сценарийін жазды.
2019-2020 жылдары Алматы қалалық 107-Лессй де қазақ əдебиетінен сабақ берді. Болат Бопайұлы 11 жасында қолына қалам алып шығармалар жаза бастады. Оның ең алғашқы тырнақ алды туындысы шағын өлеңмен басталды.
Болат Бопайұлы кейінгі отыз жылда Қазақтың этнографиялық тақырбын терең қаузап, «Қазақ кəдесі», «Қазақ мінезі», «Қазақ таныған гүлдер», «Қазақ аспан есебі», «Қазақ түс жоруы», «Қазақ наурызнамасы», «Салт-дəстүр сөйлейді», «Бастаудан бахиға дейін», «Қазақтың алғыстары мен қарғыстары», «Ақыт ақиқаты», «Жазу шеберлігі» ,» Шетелдегі қазақ тұлғалары», » Сөз саралау өнері», » Əлдиден эфосқа дейін», «Қазақтың өлшем-мөлшер сөздері», «Қазақ жоқтау жырлары» сияқты 30-дан астам кітап жазған қаламгер.