Өтінім 17 наурыздан бастап қабылданады
Биыл 17 наурызда «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталады. Бағдарламаны жүзеге асыруға Отбасы банк 72 млрд теңге бөлгелі отыр. Соның арқасында жұмысшы мамандықтардың 2 440 өкілі қолжетімді несие алып, баспаналы бола алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Наурыз жұмыскер» арқасында биыл мыңдаған жұмысшы қолжетімді шарттармен өз үйлерін сатып алуға мүмкіндік алады. «Наурыз жұмыскер» бағыты туралы барынша ақпараттандыру үшін біздің қызметкерлеріміз 232 өнеркәсіп орнына, зауыттар мен өндіріс орындарына барды. Еліміз бойынша тағы 600 компанияға бару жоспарланып отыр. Жұмысшы мамандықтар жылы біз көптеген қоныс тойын күтеміз», - дейді «Отбасы банк» басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов.
Бағдарламаға мына салаларда істейтін қызметкерлер қатыса алады:
Осы салаларда еңбек ететін қазақстандықтар өтінім беру үшін мына қадамдарды орындайды:
1-қадам. Банктің сайтында Жұмысшы кәсіптерінің тізімі бар. Сол тізімнен өз мамандығыңызды табасыз. Тізімге 8 230 мамандық енген. Тізімді https://hcsbk.kz/to-get-a-loan/nauryz-zhumysker/ сілтемесін басып, жүктеп алуға да болады.
2-қадам. Сосын банк сайтынан жұмыс орнынан алынатын анықтама шаблонын жүктеп алып, жұмыс берушіге бару қажет.
3-қадам. Жұмыс беруші өз ұйымын, компаниясын немесе кәсіпорнын Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚТЖЖ) тізімінде бар-жоғын тексереді. ЭҚТЖЖ мына сілтеме бойынша жүктеп алуға болады: https://hcsbk.kz/to-get-a-loan/nauryz-zhumysker/ .
Егер үміткердің кәсібі жұмысшы мамандықтар тізімінен табылып, ал кәсіпорын қызметінің түрі ЭҚТЖЖ тізімінде болса, онда жұмыс орнынан банктің шаблоны бойынша анықтама аласыз.
4-қадам. Үміткер дайын анықтаманы алып, 17 наурыздан бастап төлем қабілеттілігін растау және кредиттік өтінім беру үшін банктің жақын жердегі бөлімшесіне барады.
Несие мөлшерлемесі халықтың әлеуметтік осал тобы үшін – жылдық 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін). Қалған санаттар үшін – жылдық 9% (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін).
Бастапқы жарна:
Заемның ең жоғары сомасы – өңірлер үшін 30 млн теңге, Астана, Алматы қалалары үшін – 36 млн теңге.
«Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарынан тек жаңа тұрғызылған тұрғын үйден пәтер сатып алуға болады. Оны Баспана маркет порталынан (otbasybank.kz) таңдап, брондап, сатып алу мүмкіндігі бар. Ал қолданыстағы тұрғын үй тек моноқалалар мен ауылдық елдімекендерде сатылады», - деп ескертті Отбасы банк.
Үміткерлер өтінім берген кезде мына талаптарға сай болуы керек: