Шымкентте 77 жастағы зейнеткерді ұрып-соғып, биіктен лақтырып жібергендер қолға түсті
Ұсталғандардың бірі 66 жаста болса, екіншісі 44-те

12 наурызда қарт кісінің денесі қаладағы №11 үйдің ауласында табылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy телеграм арнаға сілтеме жасап.
Алдын-ала берілген ақпарат бойынша, қаза тапқан ер адам үйдің 3-қабатындағы пәтерде екі танысымен арақ ішкен. Олардың арасында жанжал шығып, зейнеткерді соққыға жығып, терезеден тастап жіберген.
Полиция департаменті осы іске қатысты ресми комментарий берді. Дереккөзге сүйенсек, 66 және 44 жастағы екі күдікті ұсталған. Олар тергеу изоляторына қамалған.
Шымкентте үй ауласында ер адам мәйітінің табылғаны жайты бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды.
Жедел іс-шаралар барысында екі күдікті ұсталып, қамауға алынды.
Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде.