13.03.2025, 15:30
Қоғам
Қазақстаннан сиыр мен қой әкетуге тыйым салынады
Бірлескен бұйрықтың жобасы жарияланды
Фото: depositphotos.com
Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан аумағынан сиыр мен қой-ешкіні әкетуге алты ай мерзімге тыйым салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ашық НҚА» порталында қаржы министрі мен ауыл шаруашылығы министрінің бірлескен бұйрығының жобасы жарияланды.
«Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың аналық басын (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102) және ұсақ малдың аналық басын (ЕАЭО СЭҚ ТН 0104) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - делінген құжатта.
Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті шаралар қабылдау туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етуге тиіс.
Бұйрық жобасы 20 наурызға дейін қоғам талқысына шығарылды.
Көп оқылған
14.07.2026, 10:38
Бір «закладка» 2000 теңге – Алматыдан Таразға «жұмыс» іздеп барған 43 жастағы әйел 7 жыл бойы түрмеде отыратын болды
14.07.2026, 11:45
Тас жолға шалқасынан жатып алған: Ақтөбеден Семейге барып, ерсі қылық көрсеткен 35 жастағы әйел жазаланды