12.03.2025, 09:17
Қоғам
Сарыағаш тұрғындары жер сілкінісін сезді
Жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан аумағында болған
Фото: Фото: depositphotos.com
Түркістан облысы Келес және Сарыағаш аудандарында жер сілкінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жер сілкінісі бүгін, 2025 жылдың 12 наурызында Астана уақытымен 06 сағат 15 минутта тіркелген. Ошағы Өзбекстан елінде жатқан.
«Келес ауданының Абай ауылында 3 балл, Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласында 3 балдық жер сілкінісі тіркелді. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ», - деп хабарлайды ТЖМ.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды