Елімізде мәйітке пышақ тигізбей-ақ өлім себебін анықтайтын технология пайда болады
Бұл әдіс шетелде қолданылады

Сот сараптамасы саласына виртуалды аутепсия технологиясы келуі мүмкін. Бұл -дененің егжей-тегжейлі проекциясын алу үшін КТ сканері арқылы адамның инвазивті емес аутопсиялары орындалатын жаңа медициналық технология, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Құқық қорғау органдарының мәйітті сот-медициналық сараптау кезінде сарапшылардың алдына қоятын негізгі міндеті өлімнің себебін анықтау. Зерттеу енгізілетін болса кей жағдайларда мәйттерді кесудің қажеттілігі болмайды. Кей жағдайларда ұлттық және діни салт-дәстүрлерге сүйеніп қаза болған адамның жақындары мәйтті кеспеуді сұрайды», - дейді Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
Оның айтуынша, виртуалды аутопсия әдісі белгілі бір дәрежеде Швейцарияда, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Үндістанда, Жапонияда, Швецияда, Норвегияда, Түркияда, Сауд Арабиясында, Ресейде қолданылады.
«Виртуалды аутопсия әдісін енгізудің мақсаты заманауи технологияларды енгізу арқылы сот-медициналық зерттеулер процесін оңтайландыру. Мәйітті зерттеудің дәстүрлі инвазивті әдісі (аутопсия) дененің 3 қуысын: кеуде, іш және бас сүйегін ашуды қамтиды. Бұл жағдайда өлімнің себебін анықтау үшін ми, жүрек, өкпе, бауыр, асқазан және басқа мүшелер зерттеледі», - деді ол.
Қазіргі уақытта жоспар бойынша әдістің тиімділігін алдын ала талдау, оның ішінде виртуалды аутопсия әдісін пайдалана отырып, зерттелетін өлім-жітімнің санаты мен шектеулерін анықтау үшін елдің бір өңірінде пилоттық жобаны енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.