Түркістан облысында миллиондаған қаражатынан айырылған 23 азамат Кореяны көрместей болды

Автор: Бақыт Шынар

Олар Кореяға барып заңды түрде жұмыс істегісі келген

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Түркістан облысының 23 азаматы Кореяға виза алып беремін деген алаяққа алданып, 92 млн теңгесінен айырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркістан облысының прокуратурасы хабарлағандай, алаяқ бұл азаматтарды 2023-2024 жылдары алдаған. Ақыры, виза да жоқ, ақша да жоқ, сан соғып қалған азаматтар құзырлы органдарға арыз жазған.

«Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Алаяқ 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлайды
 Түркістан облысының прокуратурасы.