Тергеу жүріп жатыр
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ұлытау облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының экс-басшысы мен оның орынбасарына қатысты жемқорлық жасады деген күдікпен тергеу басталғанын растаймыз», - делінген Антикор хабарламасында.
Тергеу жалғасып жатыр.
Өзге ақпарат ҚПК 201-бабы аясында жария етілмейді, деп атап өтті агенттік.