$ 496.71  531.33  5.55
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 10:00
Қоғам

Линолеумы тозған, дәретханасы жамау-жамау: Шымкенттегі ескі аурухананы жөндеуге 3,2 млрд теңге бөлінген (ВИДЕО)

Қаланың денсаулық сақтау басқармасы желіде тараған видеоға қатысты жауап берді

Линолеумы тозған, дәретханасы жамау-жамау: Шымкенттегі ескі аурухананы жөндеуге 3,2 млрд теңге бөлінген (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Биыл 14 ақпан күні Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан келіншек аурухананың әбден тозғанын көрсетіп, видео жариялаған еді. Azattyq Rýhy редакциясы осы мәселеге қатысты Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасына ресми сауал жолдап, жауабын алды.

Дереккөзге сүйенсек, қазір аурухана күрделі жөндеуден өтіп жатыр екен. Видео желіге жарияланғаннан кейін қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшының орынбасары сол орынға барған.

«Аурухананың басқа ғимараттарында күрделі жөндеу өтіп жатқан соң науқастарды басқа корпусқа жатқыздық. Аурухананы осы жылдың қазанында жөндеп аяқтаймыз», - деп хабарлаған басқарманың баспасөз қызметі.

Дегенмен, науқастың арыз-шағымынан кейін аурухана басшылығы шкафтың тұтқаларын жөндеп,  орындықтар мен төсек-орындарды жаңартқан, тозған линолеумды ауыстырған. Ал, осы кемшіліктер үшін бас дәрігердің шаруашылық бөлімі бойынша орынбасары Тасқұлов пен шаруашылық меңгерушісі Қарабеков сөгіс алған.

«Аурухана ғимараты 1985 жылы салынған, қазіргі уақытта ауруханадағы ғимараттың жай-күйіне қатысты жүйелік проблемаларды жою мақсатында 2024 жылы жөндеу басталып,  оны 2025 жылдың IV тоқсанында аяқтау жоспарланған. «Мұнайқұрылыс» көпсалалы құрылыс фирмасы» ЖШС-мен құны 3 226 203 853 теңгеге шарт жасалды», - деп хабарлаған денсаулық сақтау басқармасы.

Серіктес жаңалықтары