$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.05.2020, 17:23
Қоғам

Қазақстанда балалар демалыс аймақтарына тегін ұшуы мүмкін. KAZAKH TOURISM жоба шарттарын түсіндірді

Парламент мақұлдаса, жоба келесі жылдан бастап жүзеге асуы мүмкін

Қазақстанда балалар демалыс аймақтарына тегін ұшуы мүмкін. KAZAKH TOURISM жоба шарттарын түсіндірді
фотоколлаж: Нұрсұлтан Жорабаев

«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы қазақстандықтарды ел ішінде демалуға ынталандыру үшін «Кids Go Free» жобасын әзірледі. Егер ұсынылған заңды Парламент қабылдаса, мектеп демалысы маусымында балаларға еліміздегі курорттық аймақтарға әуе билеті тегін болады. Мемлекет оған субсидия бөледі.

«Kids Go Free» тетігін іске асырудың оңтайлы схемасы анықталып, қаржыландыру әдістемесі әзірленді. Бағдарлама сатып алынған туристік өнімге байланысты 2 жастан 14 жасқа (қоса алғанда) дейінгі балаларға арналады. Негізгі шарттардың бірі - отбасы туристік аймақта кемінде 5 күн, 4 түн тоқтауы тиіс. Балалар туристік өнім бойынша ата-анасының біреуімен, баланың заңды өкілімен немесе ата-анасының жақын туысымен нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша ұша алады», - деді Azattyq Rýhy тілшісіне берген сұхбатында «Kazakh Turism» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов.

«Kids Go Free» жүйесі бойынша бір туристік пакет арқылы көп балалы отбасылардың 2 жастан 14 жасқа дейінгі бес және одан да көп балаларын тегін тасымалдауы мүмкін.

Заңды Парламент биыл қабылдап үлгермейді. Сондықтан жоба келер жылдың жазғы маусымынан бастап жүзеге асуы мүмкін.

«Бірінші жылға апробациялау мақсатында біз балалар авиабилеттерін субсидиялауға бюджеттен шамамен 150 млн теңге бөлдіруді жоспарлап отырмыз және 5 000-нан астам бала тасымалданады деп күтілуде. Одан кейінгі жылдары жылына 100 мыңға жуық баланы тасымалдауды жоспарлап отырмыз. Біздің есеп бойынша, бұл шара азаматтардың демалысын 30%-ға дейін арзандатуға мүмкіндік береді. Жалпы Қазақстанда 1 теңге көлемінде салынған субсидия Қазақстан экономикасын орта есеппен 4 теңгеге толықтырады», - деді компания басшысының орынбасары.

Айта кету керек, балалар тек белгіленген туристік аймақтарға жолдама сатып алғанда ғана тегін ұша алады, яғни турпакетке тек ата-ананың жолақысы мен демалыс аймағындағы қонақүй шығындары кіреді.

«Қазір біз ТОП-10 бағытты анықтадық. Ол – Балқаш, Алакөл, Маңғыстау облысы, Түркістан қаласы, Баянауыл, Солтүстік Қазақстандағы Имантау-Шалқар курорттық аймағы және барлық ұлттық парктер. Мәселен, Алматыдан Нұр-Сұлтанға арналған басқа шаруамен ұшатын адамдар баяғыдай билетті сатып алады. Жобаның негізгі мақсаты – ішкі туризмді дамытып, азаматтарымыз жиі бара бермейтін демалыс орындары қызметін жандандыру», - деді Қ.Сәдуақасов.

 Қайрат Сәдуақасов бұл жоба ересектерге арналған әуе билеттерінің немесе жолдамалардың қымбаттауына әкеп соқтырмайды деп сендірді. Себебі, оларға балалардың ақшасын төлеп беру арқылы мемлекет қосымша пайда түсіреді.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары