Ол бұл салағаы жүйелік өзгеріс керек дейді
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұқаш Ескендіров әлеуметтік көмекті үйлестіру саласындағы олқылықтарды атап, оның шешімін ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәжіліс депутаты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға әлеуметтік мәселені қарауды ұсынды.
«Президент «Әділетті Қазақстан: құқықтық тәртіп, экономикалық өсу, әлеуметтік оптимизм» атты халыққа жолдауында әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру қажеттігін атап өтті. «Мемлекет әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындарды тұрақты түрде арттырып келеді. Бірақ мемлекеттік қолдау нақты мұқтаж азаматтарға бағытталуы тиіс. Қазіргі жүйеде бұл талап толық сақталмайды, себебі кейбір жағдайларда көмекке мұқтаж емес, тіпті ауқатты адамдар да жәрдемақы алып отыр. Сондықтан әлеуметтік көмек көрсету механизмдерін жетілдіру қажет», деген еді Мемлекет басшысы», - деп атап өтті депутат.
Ол атағандай, Қазақстанда кедейлік шегінен төмен табысы бар азаматтар (отбасылар) атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алады.
«Алайда, іс жүзінде бұл жүйе азаматтардың еңбекке ынтасын төмендетіп, экономикалық белсенділігін шектейтін факторға айналып отыр», - деді ол.
Депутат АӘК жүйесіндегі негізгі проблемаларды атап шықты:
Мұқаш Ескендіров бұл проблемаларды шешудің жолдарын да ұсынды.
АӘК жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар:
Әлеуметтік бейімдеуге көшу
Кәсіби оқыту, қайта даярлау және жұмысқа орналасуға көмектесетін бағдарламаларды енгізу.
Критерийлерді икемді ету
Тек ресми табысты емес, отбасының нақты өмір сүру деңгейін, өңірлік ерекшеліктерді және экономикалық жағдайды ескеру.
Әлеуметтік көмекті мақсатты пайдалану мониторингі
Мемлекеттік қаражаттың тиімді және әділ бөлінуін қамтамасыз ету үшін бақылау жүйесін күшейту.
АӘК жүйесін реформалау
«Қазіргі 3 ай сайынғы қайта растау процесін 1 жылға ұзарту, бұл әкімшілік жүктемені азайтып, азаматтарға тұрақтылық береді. Бұл өзгерістер әлеуметтік көмектің нақты мұқтаж жандарға берілуін қамтамасыз етіп, азаматтардың экономикалық тәуелсіздігін арттыруға көмектеседі», - деді депутат.