$ 501.81  541.5  5.96
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылорда облысында 80 мың адам тұратын ауданда 200 бала ғана «Артспорт» бағдарламасына қатысады

Ол өңірлердегі жағдай туралы айтты 

Қызылорда облысында 80 мың адам тұратын ауданда 200 бала ғана «Артспорт» бағдарламасына қатысады
Фото: @muratabenov

Депутат, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов халық қалаулыларының өңірлерге қатысты заң жобасын дайындағанда жергілікті билік өкілдерінен гөрі министрлікпен көбірек ақылдасатынын айтып, сынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол Мәжілістің жалпы отырысында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовтен еліміздегі балабақшалар мен мектептерге қатысты жаңа шаралар жайында әуелі аудандық, ауылдық деңгейде талқыдан өтті ме деп сұрады.

«Өңірлерге қатысты жаңа шараларды ұсынамыз. Бірақ аймақтармен ақылдаспаймыз. Жақында «Артспорт» бойынша Қызылордаға бардым. Арал ауданында 80 мың халық тұрады, соның ішінде 200 бала ғана «Артспортқа» барады. Жаңақорған ауданында 80 мың адам бар, соның 6100-ы «Арспортқа» қатысады. Олардың қайда барып жатқаны, спорт үйірмелерінің жағдайы туралы ешкім бақылап жатқан жоқ, статистика, стандарт жоқ. Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл мәселені дұрыс реттемеген. Жергілікті ауданның өкілдерімен ешкім келіспейді, тікелей министрлікпен жұмыс істейді. Осы сияқты жаңа жобаларды ойлап тапқанда, жергілікті билікті іске араластырдыңыздар ма? Олармен ақылдастыңыздар ма? Бұл балабақша мәселесіне де қатысты», - деді Мұрат Әбенов Асхат Аймағамбетовің баяндамасына қатысты сұрақ қойып.

Асхат Аймағамбетов өз баяндамасында Ақылман картасын енгізу туралы айтқан еді.

«Ақылман картасы мектеп оқушыларына мәдени орындарға баруына мүмкіндік береді. Осылайша олар елдің мәдени өміріне араласу деңгейін арттырады. Мұндай бастамалар шетелдік тәжирибеде сәтті жүрзеге асып жатыр», - деген еді.

Асхат Аймағамбетовтың сөзінше, ақылман картасы жобасы «Артспорт» сияқты үлкен қаражатты қажет етпейді.

«Бұл жерде ешкім «Артспорт» сияқты үлкен жобаны ойлап тауып жатқан жоқ. Тек бар мәселені жүйелендіргіміз келеді. Мұражайларымыздан топырлап жүрген адамдардарды көрмейміз. Соған балаларды ұйымдастырып, апаруды айтып отырмыз. Көршілес мемлекеттерде тарих пәнін мұражайларға барып оқытады. Біз сабақ өткізбек түгілі, мұражайдың есігін ашуға да мүмкіндік жасамай отырмыз. Сондықтан мұнда «Артспортқа» ұқсайтын қаражатты талап ететін жүйе жоқ. Бірінші кезекте әкімдіктер мен мәслихаттардың өз шешімімен, өз рұқсаттарымен ғана орындалады. Бұл міндеттейтін шара емес», - деді Асхат Аймағамбетов.

Серіктес жаңалықтары