Қазақстан шенеуніктері Мысыр тұрғындарын біздің елде демалуға шақырды
Бүгін екі елдің шенеуніктері кездесіп, біраз мәселелерді талқылаған

Қазақстанның туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев Мысыр Араб Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Ахмед Шахинмен кездесіп, туризм мен спорт саласындағы ынтымақтастықты талқылаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Туризм және спорт министрлігінің өкілдері Қазақстан азаматтары демалу үшін Мысырға көп баратынын атап өткен. Дереккөзге сүйенсек, қазір Қазақстан мен Мысыр арасындағы әуе рейстерінің саны аптасына 30 рейске дейін жеткен.
«Қазақстан өз кезегінде мысырлық туристерге демалу мен саяхаттау үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады», - деп хабарлаған министрлік.
Сондай-ақ министрдің орынбасары Мысыр тарапын биыл 23-25 сәуір күндері Алматыда өтетін KITF халықаралық туристік көрмесіне шақырған.