«Қазақмыстың» басшыларына бола рейс 4-5 сағатқа кешігетін – депутат корпорациядағы былық туралы айтты

Автор: Темірхан Айжан

Зайытов бұндай мекемелер бақылаусыз бетімен кеткен дейді 

Фото: istockphoto.com

Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ринат Зайытов 7 адамның өмірін жалмаған «Қазақмыс» корпорациясының «Жомарт» кенішінде болған апат туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз әу бастан инвесторларға, шетелдік компанияларға әлсіздік таныттық. Тіпті кезінде өз кестесімен ұшатын ұшақ рейстері «Қазақмыстың» басшыларының кесірінен ұшақтар 4-5 сағатқа кешігетін. Олар сол жақта әмірін жүрігізеді. Оларды ешкім тексермегеннен кейін, қауіпсіздік сақталмағаннан кейін осындай қайғылы жағдайлар қайталанып жатыр. Қатты қадағалауға алу керек, басқаша тоқтата алмаймыз», - деді депутат.

Айта кетсек, Ұлытау облысында «Қазақмыс» компаниясына қарайтын кеніште болған апаттан 7 адам қаза тапқан еді.