Ұлытау облысында «Қазақмыс» компаниясына қарайтын кеніште болған апаттан көз жұмған жеті кеншінің аты-жөні жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақмыс қаза тапқан кеншілердің тізімін жариялады:
- Ақшалов Қайрат Аманбекұлы, 1975 жылы туған, насос машинисі;
- Жакубаев Ардақ Боранбайұлы, 1998 жылы туған, жерасты тау-кен шебері;
- Жұмадуллаев Бақытбек Нышанұлы, 1975 жылы туған, жерасты кеншісі;
- Кенжебеков Орынбек Әмірханұлы, 1991 жылы туған, тиеу-жеткізу машинасының машинисі;
- Молдабеков Ғалымжан Есенбекұлы, 1978 жылы туған, бұрғылаушының көмекшісі;
- Нурулдаев Олжас Жағалбайұлы, 1979 жылы туған, жерасты учаскесінің энергетигі;
- Рожков Константин Владимирович, 1992 жылы туған, жерасты тау-кен жабдықтарының электр слесарі.