$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.05.2020, 01:48
Қоғам

Алматыда карантин шаралары қайтадан күшейтілуі мүмкін - Сағынтаев

Қалада коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын артып жатыр

Алматыда карантин шаралары қайтадан күшейтілуі мүмкін - Сағынтаев
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда карантин шаралары қайтадан күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын артып жатыр. Қала қатаң карантинге ауысуы мүмкін. Жағдай қазіргіден де нашарласа, ауысамыз. Бұл жерде қаланың әр тұрғыны жауапты. Егер біз санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің талаптарын сақтамасақ, маска тақпасақ, әлеуметтік қашықтықты ұстанбасақ, онда жағдай қазіргіден де жаман болуы мүмкін», - деді қала әкімі.

Ол алматылықтарға 2 ай шыдап үйде отырғандары үшін алғыс айтты.

«Бірақ 2 айда шыдам деген бітті. Төтенше жағдай режимі алынған соң бәрі сыртқа шықты. Қарасаңыз, әр облыста коронавирус көрсеткіші артып келеді. Егер олай болатын болса, қатаң карантин режимі қайтарылады», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Серіктес жаңалықтары