Алматы облысында дүниеге келген үшем перзентханадан шығарылды
Олар бір ай бойы дәрігерлердің бақылауында болды
Талдықорған қаласындағы облыстық перинаталды орталықта дүниеге келген үшемдер үйіне шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Үшемдер 28 сәуір күні кесарь тілігі арқылы 33-34 апталығында дүниеге келген және бір ай бойы дәрігерлердің бақылауында болды.
Балалардың анасы 33 жастағы Маржан Имангабулова мектепте ағылшын тілінен сабақ береді. Бұған дейін екі баланы дүниеге әкелген Маржан Имангабулова енді көпбалалы ана атанды.
«Үшемдердің күтіміне орта медицина қызметкерлері көмек көрсетеді. Учаскелік дәрігер балалардың денсаулығын бақылауда ұстайды. Сонымен қатар үшемдерді балаларға арналған тамақпен қамтимыз», - деді перзентхананың бас дәрігері.
Айта кетейік, бұл карантин басталғалы Алматы облысында тіркелген екінші оқиға. Бұған дейін Жамбыл ауданының тұрғыны да үшемді дүниге әкелген еді.