Былтыр Қазақстанда балаларға қатысты 3356 қылмыс тіркелген – ресми статистика

Автор: Бақыт Шынар

900-ден астам жағдайда кәмелет жасына толмаған балалар жыныстық зорлық-зомбылық көрген

Фото: freepik.com

2024 жылы Қазақстанда балаларға қатысты 3356 қылмыс тіркелсе, оның ішінде 904 іс кәмелет жасына толмаған балаларға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетумен байланысты болған. Бұл туралы Azattyq Rýhy  редакциясының ресми сауалына жауап берген Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлім етті. 

«2024 жылы балаларға қатысты 3356 қылмыстық құқық бұзу фактісі тіркелді, оның ішінде 904 жағдайда кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұқпау құқығы бұзылған. Былтыр балалардың құқығын қалпына келтіру үшін Бас прокуратура мен облыс прокуратураларына 455 іс бойынша сұрау салдық. Істер қайта қаралып, сотқа кетті», - деп жауап берген Зәкиева.

Айта кетейік, бұған дейін Таразда 15 жастағы қыз өгей әкесінен бала көтеріп, босанғанын жазған едік.