Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады
2025 жылдан бастап Қазақстандағы барлық кәсіптік-техникалық колледждер сұранысқа ие маман иелерін тегін оқытады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқу-ағарту министрлігі хабарлағандай, дәл қазір елімізде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 772 колледж жұмыс істейді, ол колледждерде 565 мың студент оқиды. Еңбек нарығын сұранысқа ие мамандармен қамтамасыз ету мақсатында мемлекет 9-сыныптан кейін оқуға түсетін балаларға тегін білім беруді көздеп отыр.
«Биыл сұранысқа ие техникалық және кәсіптік білім беру бойынша тегін оқумен қамтылатын студенттер саны 153 мыңды құрайды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10 мың орынға артты. Мемлекеттік тапсырыстың 70%-ы техникалық мамандықтарға, оның ішінде машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және басқа да салаларға бағытталады», - деп хабарлайды министрлік.