06.02.2025, 17:36
Қоғам
Шымкентте 22 жастағы келіншек дүниеге үшем әкелді
Жәмилә есімді әйелді дәрігерлер кесарь тілігі арқылы босандырған
Фото: Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
Шымкент қалалық №2 ауруханасына қарасты перзентханада үшем дүниеге келді. Бұл – 2025 жылы қалада үшем босанған бірінші ана, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Шымкенттің 22 жастағы тұрғыны Жәмилә 2 ұл, 1 қызды дүниеге әкелді. Нәрестелердің салмағы 2770, 2410 және 2095 грамм болды. Батыр анаға дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған. Балалар мерзімінен бұрын туса да, денсаулықтары жақсы», - деп хабарлайды Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы.
Екі ұл, бір қыздың анасы атанған Жәмиләні жақындары перзентханадан шығарып алды.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты