Денсаулық сақтау вице-министрі әзірге мұндай жоспар жоқ дейді
Қазақстанда адам папиллома вирусына қарсы вакцинаны міндеттеуге қатысты жоспар жоқ. Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында Azattyq Ruhy тілшісінің сұрағына жауап берген денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев мәлім етті.
«Жоқ, міндеттеу туралы жоспар жоқ», - деді асыққан вице-министр.
Айта кетейік, ең соңғы дерек бойынша елімізде 84 мыңға жуық қыз АПВ-ға қарсы екпе алған.