$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде АПВ-ға қарсы вакцина салу осы жылдың үшінші тоқсанында басталады

Вакцинациялау үшін қажетті топ – 9-14 жас аралығындағы қыздар болып табылады

Елімізде АПВ-ға қарсы вакцина салу осы жылдың үшінші тоқсанында басталады
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді және әлемнің 135 елінде, соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстанда қолданылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Еуропа, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Аустралия және Латын Америкасы елдерінің көпшілігін қоса алғанда, әлемнің 117 елі адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакциналарды өздерінің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізді.

«Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу 2024 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған. ДДҰ ұсынымына сәйкес АПВ-ға қарсы вакцинациялау үшін қажетті топ – 9-14 жас аралығындағы қыздар болып табылады», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинациялау күнтізбесіне сәйкес ДДҰ ұстанымын және Қазақстан Республикасында халықты иммундау жөніндегі сарапшылардың Ұлттық техникалық консультациялық тобының ұсынымдарын ескере отырып, 11 жастағы қыздарға вакцинациялау жүргізу жоспарлануда.

Серіктес жаңалықтары