Қазақстанда пациенттердің жеке деректерін 10 жылдан 15 жылға дейін сақтау ұсынылды
Жеке деректерге диагностикалық жабдықтан алынған медициналық ақпарат жатады

Денсаулық сақтау министрлігі пациенттердің жеке медициналық деректерін сақтау мерзімін белгілеуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрлік дербес медициналық деректерді жинау, өңдеу, сақтау, қорғау және беру қағидаларын бекіту туралы бұйрыққа түзетулер әзірлеген. Оған сәйкес, 15 жасқа толмаған балалардың медициналық деректерін 15 жыл, ал ересектердікін 10 жыл сақтау ұсынылған.
«Бұйрық жобасымен медицина қызметкерлерінің диагностикалық жабдықтың көмегімен алған дербес деректерді, ілеспе медициналық ақпараттың сақтау тізбесі мен мерзімдері сақтау көзделген. Ересектерге (15 жас пен одан жоғары) – 10 жыл, ал балаларға (0 жастан 15 жасқа дейін) – 15 жыл», - делінген құжатта.
Диагностикалық жабдықтан алынған ақпаратқа МРТ, УЗИ, ЭКГ және тағы басқа деректер жатады.
Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында 14 ақпанға дейін талқыланады.