$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 10:54
Қоғам

Қазақстандағы 1,2 мыңнан аса елді мекен су басу қаупі бар аймақта тұр – министр

Өңірлерде көктемгі су тасқынына қарсы 1 400 іс-шара атқарылған

Қазақстандағы 1,2 мыңнан аса елді мекен су басу қаупі бар аймақта тұр – министр
Фото: Ақорда

Биылғы көктемгі су тасқынында 1 223 елді мекенді су басуы мүмкін. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің айтуынша, олар су басу қаупі бар аймақта орналасқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгінгі таңда елімізде су басу қаупі бар аймақтарда 1 223 елді мекен бар. Министрлік үйлестіруші орган ретінде инфрақұрылымды ықтимал су тасқынына дайындау үшін жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынас жасайды. Сондай-ақ Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі негізгі іс-шаралар орталық және жергілікті атқарушы органдарға жүктелгенін атап өтемін. Су тасқынына қарсы іс-шаралар республикалық және өңірлік бағдарламалық құжаттармен іске асырылады. Осы іс-шараларды  іске асыру су басу қаупін барынша азайтуға және елді мекендерді су тасқыны қаупінен қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Әрінов Сенатта өтіп жатқан үкімет сағатында.

Министр былтыр су тасқыны аяқталғаннан кейін өңірлер алдын алу шаралары мен инженерлік жұмыстарды бастағанын атап өтті. Жұмыстарды іске асыру барысын министрліктің бөлімшелері қадағалап жатыр. Сондай-ақ Үкімет аппараты инспекторларының қатысуымен бірнеше рет тексеріс жүргізілген.

«Жалпы өңірлерде су тасқынына қарсы 1 400 іс-шара іске асырылды. Мысалы елді мекендерді қорғау үшін 576 километр қорғаныш бөгеттері мен біліктері салынды. 164 километр дренаж жүйесі жөнделді және салынды, 960 автомобиль және темір жолдардың астына су өткізу құрылыстары орнатылды және ауыстырылды, 658 километр каналдар мен арықтар құрылды. 74 өзеннің қауіпті учаскесінде үш жүзден астам километр тереңдету мен жағалауды нығайту, 190 километр тазарту жұмыстары жүргізілді. Елді мекендердің ішінде жаңбыр мен дренаж жүйелері жөнделіп, салынуда», - дейді ТЖМ басшысы.

Сондай-ақ күні бұрын елді мекендерден қар шығару үшін қауіпсіз полигондар анықталған.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ТЖМ #тасқын су