Қостанай облысында ұлына 4 жыл бойы алимент төлемеген әке сотталып кетті
Оның қарызы 4,4 млн теңгеге жеткен
Қостанай облысының прокуратурасы ұлына 4 жыл бойы алимент төлемеген әкені соттатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық прокуратураның хабарлауынша, оның қарыз көлемі 4,4 млн теңгеге жеткен. Жалпы, аймақ бойынша былтыр балаларына 96,3 млн теңге алимент төлемеген 61 ата-ана істі болған.
«Өңірде соңғы үш жылда әдейі алимент төлемей жүргендердің саны екі есеге артты. 2024 жылы прокуратураның үйлестіруімен 96,3 млн теңге сомаға алимент төлемегені үшін 61 адам сотталды, оның ішінде 6 адам бас бостандығынан айырылды. Мысалы, бір азамат 4 жыл ішінде ұлына алимент төлемей, 4,4 млн теңге қарыз болған. Федоров ауданының прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастап, сот үкімімен борышкер бір жылға бас бостандығынан шектелді», - деп хабарлайды прокуратура.