Қызылорда дәрігерлері жаңа босанған әйелге ВИЧ жұқтырып жіберген - ол үшін кім жазаланады

Автор: Нұргүл Абай

Тергеу жүріп жатыр

Фото: istockphoto.com

Қызылорданың перинаталдық орталығында босанған әйел донор қаны құйылғаннан кейін АИТВ-ға (ВИЧ) шалдыққан. Бұл ақпаратты денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ауыр хәлде босанған әйелге қан құю қажет болған. Бір айдан кейін тексергенде пациенттен АИТВ табылған.

«Бұл жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Қазір тиісті тергеу жүріп жатыр. Сондықтан ешкім жауапқа тартылмады деп айтуға ерте», - дейді Әлназарова Мәжіліс кулуарында.

Министр тергеу қорытындысы бойынша ведомство тиісті шара қабылдайтынын атап өтті.