Қазақстанда 845 мектеп асханасы санитарлық талаптарды бұзған
Бұл барлық мектептердің 12 пайызына тең
Оқу-ағарту министрлігінің заңына сәйкес, елдегі мектептердің асханаларын санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері және балалардың құқықтарын қорғау комитеті бақылайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2024 жылы мемлекеттік бақылау аясында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары білім беру ұйымдарына 2 547 тексеріс жүргізді, балалардың құқықтарын қорғау комитеті 113 білім беру ұйымын қараған», - деп жауап берді оқу-ағарту министрлігі редакцияның сауалына.
ДСМ мен ОМ бірлесіп еліміздің мектеп асханаларының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне мониторинг ұйымдастырды. Тексеріс қорытындысының нәтижесінде 12% (845) нысан санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны анықталған.