«Ауруханаға жатпайды, сырқат жеңіл өтеді»: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жағдайы қандай

Автор: Бақыт Шынар

Жыл басынан бері 51 адамнан коронавирус табылған 

Фото: kafanews.com

Биыл 1 қаңтардан бастап республика бойынша 51 адамнан коронавирус инфекциясы табылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова мәлім етті

«Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ауруға шалдыққандардың саны 7 есе төмен.Бүгінгі таңда COVID-19 денсаулық сақтау саласындағы халықаралық маңызы бар төтенше жағдайды ретінде қабылданбайды. Ауру негізінен жеңіл өтеді, ауруханаға жатпайды науқастар амбулаториялық жағдайда ем алады», - дейді ол.