Қазақстанда тірі қалған 120 ардагердің әрқайсысына 5 млн теңге беріледі

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы бүгін үкіметтегі брифингте еңбек вице-министрі айтты

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Бұған дейін хабарлағынымыздай, 1941-1945 жылдардағы соғысқа қатысқан 120 ардагер қалған. Жеңістің 80 жылдығына байланысты әкімдер олардың әрқайсысына 5 млн теңгеден береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы бүгін үкіметте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин мәлім етті.

«Бұл төлем жергілікті бюджеттен төленеді. Бір реттік төлем. Ел бойынша шамамен 120 ардагер қалған. Олардың әрқайсысына 5 млн теңге төленеді», - деді ол.