Нұрлыбек Нәлібаев ұшақта адам өмірін құтқарып қалған жігіттің оқу ақысын төлеп бермек
Дінмұхаммед Бектұрған 10 қаңтарда «Қызылорда - Астана» бағытындағы рейсте бір адамды аман алып қалған
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 10 қаңтарда «Қызылорда - Астана» бағытындағы ұшақ бортында адам өмірін құтқарып қалған Дінмұхаммед Бектұрғанның ата-анасы Нұрболат және Ғалия Нұрсейітовтермен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыс әкімі Дінмұхаммед Бектұрғанның оқу ақысын төлеуге қолдау білдірмек. Айта кетейік, интерн маман оқуын әрі қарай үш жылдық резидентурада жалғастырғысы келеді.
«Дінмұхамед медициналық көмекке мұқтаж азаматқа дер кезінде алғашқы жәрдем көрсетіп, өмірін сақтап қалды. Оның уақыт оздырмай қабылдаған шешімі, сауатты іс-қимылы өзі сияқты медицина мамандығында білім алатын жастарға үлгі-өнеге болды. Бұл арқылы Дінмұхамед өз мамандығын жақсы меңгергенін ғана емес, ата-анасынан, ұстаздарынан, аға буын әріптестерінен тағылымды тәрбие алғанын көрсетті», - дейді Нәлібаев.
Еске салайық, Дінмұхаммед Бектұрған Астана медицина университетінің 7- курс студенті. Қазір интернатурада оқиды. Бұған дейін оны денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың қолынан министрліктің «Құрмет грамотасын және «ҚазақЭйр» компаниясы экипаж командирінің «Алғыс хаты» мен 4 тегін авиабилетін алған.