$ 526.81  542.72  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бұл – фейк»: Асхат Аймағамбетов Қазақстанда мұғалім тапшылығы жоқ дейді

Оның айтуынша, бұл көбіне ауылда туындайтын мәселе 

«Бұл – фейк»: Асхат Аймағамбетов Қазақстанда мұғалім тапшылығы жоқ дейді
Фото: ©istockphoto.com

Мәжіліс депутаты, AMANAT фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов SHYNDYK LIVE подкастында еліміздегі ұстаздардың тапшылығына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Кадр жетіспеушілігі жайлы «Қазақстанда 10 мың ұстаз тапшы» деу назар аудартады. Бәрінің айтатыны -  шұғыл түрде мамандарды тауып, грант бөлу керек. Бұл – фейк. Қай жерде жетіспейді, соны анықтау керек. Егер бұл мәселеге үңілсеңіз, негізінен проблема ауыл мектептерінде болады. Яғни, шалғай жатқан ауылдардағы шағын жинақты мектептерде маман тапшылығы бар. Себебі бірнеше сыныпта аз оқушы білім алады. Оларды біріктіргенде сағат жетіспейді. Мысалы, ағылшын тілінің мұғалімі 0,25 ставкаға жұмыс істеуге бара ма? Жоқ. Ал бұны мектеп бос жұмыс орны ретінде шығарады», - дейді Асхат Аймағамбетов.

Ал статистиканы қарағанда бірден мыңдаған мұғалім жетпей тұрғандай көрінеді. Ол тапшылықты жіктей түскенде жағдай өзгереді дейді депутат. 

«Бізде бастауыш сынып мұғалімдері, химия, математика және биология пәндерінің мұғалімдеріне тапшылық болды. Мен министр болған кезде біз 2020 жылы дефектологтарға 10 есе, математиктерге арналған грант санын екі есеге арттырдық. Қазір 2024-2025 жылдың түлектері жоғары оқу орнын бітіреді. Тапшылық жабылады. Жыл сайын 40 мың студент педагогикалық оқу орындарын тәмамдайды», - дейді Аймағамбетов.

 

Серіктес жаңалықтары