$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.05.2020, 12:53
Қоғам

Алматы облысында коронавирустың таралу қаупі сейілмей тұр

Соңғы бір тәулікте облыс бойынша 24 адам коронавирус жұқтырды

Алматы облысында коронавирустың таралу қаупі сейілмей тұр
Фото: informburo.kz

Вирус ошағы – әдеттегідей Кеген, Іле, Ескелді, Ақсу аудандары мен Талдықорған қаласы, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Соңғы тәулік бойынша Алматы облысында COVID-19 инфекциясын жұқырғандарың ең жасы 6 айлық сәби болса, ең үлкені  76 жастағы зейнеткер. Вирус жұқтырғандармен 143 адам байланыста болған.

«Науқастардың КВИ жұқтырғаны медициналық комиссиядан өту барысында, медициналық көмекке жүгіну кезінде және бұрын ауырғандармен байланыста болған азамат ретінде тексерілу кездерінде анықталған. Олар қазір Талдықорғандағы әскери госпитальге, Қарасай аудандық ауруханасына, Шелектегі аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Олармен байланыста болған 143 адам анықталды. Барлығы оқшауландырылып, тексеру жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

2020 жылғы 21 мамырындағы жағдай бойынша, Алматы облысында КВИ анықталған науқастардың саны 262-ге жетті.

Серіктес жаңалықтары