$ 540.78  618.65  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.12.2024, 22:29
Қоғам

Ұшақ апаты: облыс әкімі Ақтауға туыстарын іздеп келетін шетелдіктер үшін телефон нөмірін жариялады

Әкімдік қолдан келгенше көмек көрсетеміз деп отыр

Ұшақ апаты: облыс әкімі Ақтауға туыстарын іздеп келетін шетелдіктер үшін телефон нөмірін жариялады
Фото: t.me/qr_tjm

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдаулет Қилыбай Ақтауда ұшақ апатынан қаза тапқан және зардап шеккен шетелдік азаматтардың туыстары үшін телефон нөмірін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз барлығына қажетті көмекті көрсетеміз. Олардың туыстары, жақындары келетін шығар. Олардың бұл қалада ешқандай танысы, досы жоқ болуы мүмкін. Барлығы дерлік шетелдік. Егер сіз Ақтау қаласына келетін болсаңыз, телефон нөмірін жазып алыңыз: +7 702 525 31 01. Тәулік бойы байланыста болады, менің көмекшім, әріптестерімнің нөмірі. Сізге кез келген уақытта көмектеседі. Тек кімнің туысқаны екеніңізді жазып жіберсеңіз болды», - деді Қилыбай Ақтауда өткен брифингте.

Айтуынша, көлік, орналасу, тамақтану жағын әкімдік ұйымдастырады.

Бакуден Грозныйға бет алған ұшақта барлығы 67 адам болған. Олардың арасында Қазақстан, Әзербайжан, Ресей және Қырғызстан азаматтары бар. Апат салдарынан 38 адам көз жұмды, 29 адам аман қалған.

Серіктес жаңалықтары