Қанат Бозымбаев ұшақ апатынан аман қалғандардың жағдайы туралы айтты

Автор: Нұргүл Абай

Бір бала жансақтау бөлімінде жатыр

Фото: istockphoto.com

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтауда құлаған ұшақта аман қалған жолаушылардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бозымбаевтың айтуынша, ұшақ апатынан тірі қалған 29 адам ауруханада жатыр. Облыстық ауруханаға 27 ересек, ал балалар ауруханасына 2 бала жатқызылған.

«Балалар ауруханасында екі бала жатыр, біреуі жансақтау бөлімінде, жағдайы тұрақты ауыр. Ал облыстық ауруханада 11 адам жансақтау бөлімінде, 7 адамның жағдайы өте ауыр, бірақ тұрақты.  Бір әйелдің жағдайы да өте ауыр, есін жимай жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған», -деді Бозымбаев.

Ол дәрі-дәрмек жеткілікті екенін атап өтті. Астанадан санавиация ұшып келген.

Тегтер: