$ 514.93  536.04  5.18
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.12.2024, 17:20
Қоғам

«Ұшқыш болмағанда, бәріміз өлетін едік»: Ақтауда апаттан тірі қалған жолаушы ұшақ бортында не болғанын айтып берді

Борттағы оттегі маскаларында ауа болмаған

«Ұшқыш болмағанда, бәріміз өлетін едік»: Ақтауда апаттан тірі қалған жолаушы ұшақ бортында не болғанын айтып берді
Фото: istockphoto.com

Ақтауда ұшақ апатынан тірі қалған жолаушы оқиғаның алғашқы секундтары туралы баяндап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

48 жастағы Субхонкулдың айтуынша, ұшақ Грозный ауданында екі-үш рет қонуға тырысқан, бірақ белгісіз бір себеппен жерге қона алмаған. Кейін ұшақтағы жолаушылар жарылыс даусын естіген, алайда не жарылғанын түсінбеген. Осыдан кейін ұшақ мүлде басқа бағытқа бет алған.

«Ұшқыш маневр жасау арқылы адамдардың өмірін құтқарды. Егер ол болмаса, бәріміз өлетін едік. Ұшақтың артқы бөлігі адамдарға толып қалды», - деп келтірді Субхонкулдың сөзін SHOT-телеграм арнасы.

Жолаушының айтуынша, борттағы маскаларда оттегі болмаған. Ол ұшақтың артқы орындығына отырып, басқа маска таққан. Ер адамның қасында отырған барлық адам тірі қалыпты.

Ұшақ құлар алдында біраз уақыт әуеде айналып жүрген көрінеді.

Субхонкул қазір басы қатты ауыратынын айтты. Ер адам Екатеринбургте тұрады, бір шаруалармен Баку арқылы Грозныйға ұшқан.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ақтау #ұшақ