Бүгін Астана әкімі халық алдында есеп беріп жатыр
2024 жылдың 31 желтоқсанында Астанада отшашу атылады. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифинг кезінде журналистердің сұрағына жауап бере отырып, қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды
«31 желтоқсан күні отшашу атылады. Алдыңғы күні қалада шыршалардың шамын жақтық. Халық демалып, серуендейтін отызшақты орынды әдеміледік. Балалар сырғанайтын 15-ке жуық орын бар», - деп мәлім етті Қасымбек.