Сенат Жоғарғы соттың екі судьясын қызметінен босатты

Автор: Нұргүл Абай

Екеуі де зейнетке шыққан

Фото: istockphoto.com

Парламент Сенаты Жоғарғы соттың екі судьясын зейнетке шығуына байланысты қызметінен босатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сенатқа Жоғарғы сот судьялары Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышевті отставкаға кетуіне байланысты қызметінен босату туралы өтінім түскен.

«Екі судья да зейнет жасына толған, тиісінше 28 және 37 жыл еңбек өтілі бар. Судья қауымдастығында жоғары беделге ие», - деді Жоғарғы сот кенесінің төрағасы Дмитрий Малахов.

Сонымен қатар, сенат депутаттары Рашит Ахметовті Жоғары аудиторлық палатасы мүшесінің қызметінен босатты.

Тегтер: